Басты жаңалық

Бекет ауылында ауызсу жүйесі іске қосылды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бекет ауылындағы су құбыры желісінің жұмысымен танысты.

Жобаның бас мердігері «Қарат-Z» ЖШС. Құрылыстың жалпы сметалық құны 751,345 млн теңге, ал шарттық құны 644,22 млн теңге.

Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 9,122 шақырымды құрайды. Ұңғыманың тереңдігі 70 метр, сорғы орнату тереңдігі 20 метр. Барлығы 84 құдық пен 21 өрт гидранты орнатылған.

Нәтижесінде 129 абонент орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, 5 көше мен 533 тұрғынның тұрмыс сапасы жақсарады.

Аймақ басшысы нысанның ауыл тұрғындары үшін маңызын атап өтіп, су жүйесінің сапалы әрі тұрақты жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button