Басты жаңалық

Азаматтық таңдау және естелік сурет

Бүгін Семей қаласының №93 сайлау учаскесінде «Абай Ақпарат» редакциясының ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған ерекше бастама жүзеге асырылуда. Дауыс беру шарасына қатысқан қала тұрғындары үшін арнайы фото-будка орнатылып, бұл тарихи күннен естелік сурет қалдыруға мүмкіндік жасалды. 

Әрбір азамат өз таңдауын жасағаннан кейін арнайы безендірілген фотоаймақта суретке түсіп, оны сол мезетте тегін басып шығарып ала алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты — сайлау күнінің мерекелік атмосферасын қалыптастырып, халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын қолдау. 

Арнайы орнатылған фото-будка сайлау күні бойы үздіксіз жұмыс істейді. Шараға келген әрбір семейлік өз азаматтық бұрышын орындап қана қоймай, маңызды оқиғадан жылы естелік алып қайтуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button