Басты жаңалық

Семей көшелері түнде де жарық бола бастады

Семейде көшелерді жарықтандыру және ескі шамдарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Тұқтабаев көшесі мен Солтүстік промузел көшесінде жаңа жарық бағаналары орнатылып, жарықшамдар іске қосылды.

Мамандардың мәліметінше, соңғы жарты жыл ішінде қала бойынша 60-қа жуық көшеде 1000-нан астам жарықшам жаңартылған.

Көше жарығын жаңғырту жұмыстары тұрғындардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіз әрі қолайлы қозғалуына жағдай жасауға бағытталған. Жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button