Басты жаңалық

Семей қаласының әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға қала прокуроры Дәулет Кенжебеков, полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар басқармалары, сондай-ақ Абай облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында салық мөлшерлемесінің төмендеуі, кәсіпкерлік нысандардың орналасқан аумақтарын абаттандыру, тазалықты сақтау және жаңа жылдық безендіру мәселелері талқыланды. Айта кетейік, 2026 жылға арналған жеңілдетілген декларация негізіндегі салық мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілген болатын.

Әділет Қожанбаев кәсіпкерлерге қаланың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, экономиканың өркендеуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына олардың еңбегінің үлесін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қалалық аумақтарды абаттандыру қағидаларына сәйкес тазалықты қамтамасыз ету, мерекелік безендірулер мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button