Басты жаңалық
13 зауыттың тек біреуі ғана талапқа сай

Абай облысында асфальтбетон зауыттарына тексеріс жүргізіліп жатыр. Өңірде барлығы 20 зауыт бар. Қазір олардың 13-і тексеруден өтті.
Тексерісті Жол активтері сапасының ұлттық орталығы-ның облыстық филиалының мамандары жүргізген. Мамандар зауыттардың өндірістік қуатын, құрал-жабдықтарының жағдайын, технологиялық процестердің талапқа сәйкестігін және өнім сапасын бақылау жүйесін бағалады.
Нәтижесінде тексерілген 13 зауыттың ішінде тек біреуі ғана барлық талапқа сай екені анықталды. Ал қалған 12 зауытта түрлі кемшіліктер тіркелген.
Қазір қалған 7 зауытты тексеру жалғасып жатыр. Анықталған кемшіліктер бойынша зауыттарға ескерту беріліп, оларды қысқа мерзімде жою міндеттелді.



