Басты жаңалық
Семейдегі жылу жүйесіне миллиардтар бағытталды

Үкімет Абай облысындағы жылу желілерін жөндеуге шамамен 2,5 млрд теңге бөлді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаражат Семей қаласындағы жылу жүйесін жаңартуға және алдағы қыс маусымына дайындық жұмыстарына жұмсалады.
Қазір қаладағы жылу желілерінің ұзындығы 325 шақырымнан асады. Оның 58 пайызы тозған. Соңғы жылдары 54 шақырым желі жөнделіп, тозу деңгейі 75 пайыздан 58 пайызға дейін төмендеген.
Мамандардың айтуынша, бөлінген қаржы жылу жүйесінің сенімді жұмыс істеуіне және қыс мезгіліндегі апаттардың алдын алуға көмектеседі.



