Басты жаңалық

Семейдегі теміржол өткелінде қозғалыс уақытша шектеледі

Семей қаласында инфрақұрылымды жаңарту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған байланысты қаладағы Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысында орналасқан теміржол өткелінің бетон төсемін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөндеу процесіне байланысты аталған жол учаскесінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жүргізушілер мен тұрғындарға қолайсыздық тудырмау мақсатында негізгі жұмыстар түнгі уақытта атқарылады деп жоспарланған:

  •  2026 жылғы 20 тамыз сағат 22:00-ден 21 тамыз сағат 06:00-ге дейін;
  •  2026 жылғы 21 тамыз сағат 22:00-ден 22 тамыз сағат 06:00-ге дейін.

Қала әкімдігі Семей тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрайды. Мекеме өкілдері келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, жөндеу жұмыстары аяқталған соң бұл өткелдің қауіпсіз әрі жайлы болатынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button