Аймақ тынысы
Семейде «Жасыл ел» еңбек маусымының республикалық жабылу салтанаты өтті
Семейдегі «Ес-аймақ» рухани орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII жазғы еңбек маусымының республикалық жабылу салтанаты өтті.
Жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, еліміздің барлық өңірінен келген жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Биыл «Жасыл ел» қозғалысы аясында 35 мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Салтанатты шарада еңбек маусымының қорытындысы шығарылып, жастардың экологиялық және әлеуметтік бастамалары таныстырылды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.



