Аймақ тынысы

Көкпекті ауданында өнеркәсіп көлемі артты

2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Көкпекті ауданында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 млрд 247,6 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 718,3 млн теңге болып, өсім 122,4% болды. Ал тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 41,4 млн теңгеге жетті.

Аудан негізінен аграрлық өңір болғандықтан, өңдеу өнеркәсібінің басым бөлігі нан-тоқаш өнімдерін шығаратын наубайханалар мен сүт өндіретін жеке кәсіпкерлердің үлесіне тиесілі. Қазір ауданда екі ірі наубайхана жұмыс істейді.

Тау-кен саласында аудандағы негізгі кәсіпорын «Eastern Gold» ЖШС. Компания «Родниковое» кен орнында пайдалы қазбаларды өндіреді.

Биыл тау-кен саласында бірнеше жоба қолға алынбақ. Атап айтқанда, «Eastern Gold» және «Goldstone Minerals» компаниялары алтын өндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар «Altai Resources» компаниясы Биғаш ауылдық округі аумағында никельге геологиялық барлау жұмыстарын қайта бастамақ.

Бұдан бөлек, ауданда тағы бірнеше перспективалы жоба бар. Олар – «Көкбөрі» кен орнында алтын өндіру, «Қаражал» учаскесінде алтынға барлау, және «Қараөткел» учаскесінде титанға барлау жұмыстары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button