Денсаулық

Абай облысында медициналық қызметтің қолжетімділігі артады

Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту және ауылдық жерлерде медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру міндеттері айқындалды.

Жолдауға сәйкес жаңа жылдан бастап учаскелік дәрігерлердің жалақысы 40%-ға дейін артады. Бұл алғашқы буын дәрігерлерінің еңбегін ынталандырып, кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Абай облысында алдағы жылдары жаңа облыстық аурухана мен балалар ауруханасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда жобалық жұмыстар жүргізілуде. Жаңа ауруханалар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрғындарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өңірде ерекше білім беруді қажет ететін 6,5 мыңға жуық бала бар. Оларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету, оңалту қызметтерінің сапасын арттыру мәселелері Жолдауды түсіндіру кездесулерінде қаралды.

Өңірде ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың жұмысын жақсарту, медициналық кадрлармен қамтамасыз ету бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Жалпы, денсаулық сақтау саласындағы шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, аурулардың алдын алуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button