Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізупункттері ашылды

Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасында жаңғыртудан өткен«Жібек жолы» (Түркістан облысы) және «Гишт-Куприк» (Ташкент облысы) өткізупункттері ресми түрде өз жұмысын бастады. Жаңартылған нысандардыңашылуына Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев пен Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаровқатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаржы министрлігі шекаралықаймақтағы инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртып келеді. Айталық, Өзбекстан, Қытай және Түрікменстанмен арадағы шекаралық аумақта 9 автомобиль өткізу пунктіжөнделіп, іске қосылды. Биылғы 10 айда шекарадан өткен автокөлік саны 25% өсіп, 2 млн жетті. Еліміз бойынша кеден төлемдері мен салық түсімі 4,3 трлн теңгеге (шамамен 10 млрд доллар) ұлғайып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20% артқанын айта кетейік.
Бұл жобаның негізгі артықшылығы – жолаушылар көлемімен айқындалып отыр. Мәселен, 2024 жылы «Жібек жолы» арқылы 11 млн астам адам өткен. Өткізу пунктіжөндеуге жабылған уақытта азаматтарға басқа бағыттармен қатынауға тура келіп, бұліргелес жатқан өткізу пункттерінің жүктемесін арттырды. Маңызды нысандағыжұмыстың жандануы екі ел арасындағы бағытты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Осы ретте ауқымды жөндеудің аясында ескірген инфрақұрылымның орнына жалпыауданы 10 мың шаршы метрге жуықтайтын екі жолаушылар терминалы салынғанын атапөткен жөн. Оның бірі елімізге келетін азаматтарды қабылдауға арналса, екіншісішекарадан өтетіндерге шақталып салынған. Автокөліктерді тексеру үшін ауданы 6 мыңшаршы метр болатын ортақ қалқа (жаппа) қарастырылған. Кіреберістегі қозғалысжолақтары 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды. Жолаушылар мен көлік ағындары бөлініп, бұлаталған аумақтағы қозғалысты тиімді ұйымдастыруға әсер етеді.
Қарбалас уақытта жаңартылған инфрақұрылым тәулігіне 100 мың адамға дейінқабылдауға қауқарлы. Бұған қарап, тиісті нысанның мүмкіндігін бағамдай беруге болады.
Терминалдар төлқұжатты тексеруге арналған 82 кабинамен және 20 автоматтандырылған Q-gate паспорттық бақылау жүйесімен жабдықталған. Заманауижүйелер жекелеген бақылау рәсімдерін электронды форматта жүргізіп, жолаушыларғақызмет көрсету аясын кеңейтуге жол ашады.
Кедендік бақылау бағытында рентген аппараттары, жолаушыларға арналғансканерлер, радиацияны тексеретін жабдықтар, сондай-ақ автобустар мен жеңілавтомобильдерді тексеруге арналған инспекциялық-тексеру кешендері орнатылды. Техникалық жарақтандыру қауіпсіздік талаптарын сақтап, бақылау рәсімдерініңтиімділігін арттыруды көздейді.

Тұтастай алғанда, «Жібек жолының» туризмнің әлеуетін арттырудағы маңыздылығыда зор. Мұнда жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктер мен жолаушылар автобустарынақызмет көрсетуге тиісті жағдай қарастырылған. Осы арқылы туристік бағыттар кеңейіп, автобус турлары жолға қойылып, халықаралық жолаушылар тасымалы, оның ішіндеҚазақстан арқылы өтетін транзиттік маршруттар нығая түседі деп болжанған.
Бауырлас елдердің халқына бұл отбасылық сапарға шығып, білім алумен қатаріскерлік қатынасты күшейтуге септігін тигізбек. Ал туристік компаниялар мен тасымалдаушы ұйымдар Қазақстан-Өзбекстан бағытының күретамырына қан жүгіртіп, тың серпін бере алады.
«Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» пункттерінің бірлескен ашылуы екі мемлекеткөшбасшыларының стратегиялық әріптестік пен одақтық ынтымақтастықты нығайтуғабағытталған саясатының жалғасып жатқанын айғақтайды», деді Мәди Төкешұлы.
Аталған өткізу пункттерін өзара келісіммен жаңарту екіжақты көлік қатынасы меніскерлік әріптестікті, сондай-ақ мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрідамытуға оң әсер етеді.
Бұл рәсімге еліміздің тарапынан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ералы Тоғжанов, ҚР Ұлттыққауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры ЕрланАлдажұманов қатысқанын айта кеткен орынды.



