Білім

Семейде білім көрмесі өтті

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Mini College Fair at NIS Semey» атты білім көрмесі өтті. Шараға қала мектептерінің оқушылары мен түлектері қатысып, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесті.

Көрме барысында қатысушылар университеттердің оқу бағдарламалары, қабылдау талаптары мен стипендиялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.

Іс-шараға Cardiff University Kazakhstan, NYFA Kazakhstan, Lanzhou University сияқты шетелдік, сондай-ақ AlmaU, Семей медицина университеті және Alikhan Bokeikhan University секілді отандық оқу орындарының өкілдері қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button