Басты жаңалықБілім

Жас ғалым ұлттық марапатқа ие болды

Шәкәрім университетінің жас ғалымы, PhD, Shakarim Lab конструкторлық бюросының жетекшісі Әділет Сүгірбай Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының «Қазақ ғылымының үміті» атты беделді ұлттық марапатына ие болды.

Марапат Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен Қазақстан жас ғалымдарының II Халықаралық конгресі аясында табысталды. Іс-шара барысында жас ғалымдарға Web of Science деректер базасы бойынша берілетін «Academy Most Cited Researcher Award» сыйлығы да тапсырылды.

Аталған марапат Әділет Сүгірбайдың халықаралық ғылыми басылымдардағы дәйексөздерінің жоғары болуы, Scopus деректер базасындағы көрсеткіштері және ауыл шаруашылығын автоматтандыру саласына қосқан елеулі ғылыми үлесі үшін берілді.

Конгреске 1 000-нан астам жас зерттеуші, 24 елден келген 80-нен астам шетелдік ғалым, ғылыми диаспора өкілдері, академиктер, депутаттар мен ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

Жас ғалымның бұл жетістігі – білімге адалдықтың, табанды еңбектің және үздіксіз ғылыми ізденістің нәтижесі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button