Басты жаңалықСпорт

Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубымен қоштасты

2025 жылғы маусымның ортасында Елімай сапына қосылған отандық футболшы, Тараз футболының түлегі Ғалымжан Кенжебек екі жақты келісім негізінде семейлік клубтағы мансабын аяқтады.

Ғалымжан Кенжебек «Елімай» құрамында биылғы маусымда 11 ойынға қатысып, 6 гол соғып, 3 нәтижелі паспен көзге түсті. Қысқа уақыт ішінде өзін шабуыл шебінде сенімді ойыншы ретінде көрсете білді.

Сонымен қатар футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақырылып, әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде дубль авторы атанып, ел футболы үшін маңызды үлес қосты. Бұл оның кәсіби деңгейінің жоғары екенін және болашағынан үлкен үміт күттіретін ойыншы екенін дәлелдейді.

Клуб басшылығы мен жанкүйерлер Ғалымжан Кенжебектің «Елімай» сапындағы еңбегін жоғары бағалап, алдағы мансабына сәттілік тіледі. Оның қазақ футболының дамуына бұдан әрі де өз үлесін қоса беретініне сенім мол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button