Басты жаңалықЗаң

Жас есірткі тасымалдаушы қолға түсті

Абай облысы Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жас тұрғынның аса ірі мөлшерде психотроптық зат сақтап, сатумен айналысып жүргені туралы ақпарат түскен.

Жедел шаралар кезінде полицейлер мен «Арлан» арнайы жасағы күдіктіні ұстады. Одан ақ ұнтақ салынған 19 пакет, металл зат, қолғаптар және «Samsung S25» телефоны тәркіленді.

Жалға алған пәтерін тінту барысында тағы 167 дайындалған пакет, қолғаптар және «Samsung A12» телефоны табылды. Барлық зат сараптамаға жіберілді.

Медициналық куәландыру күдіктінің каннабиноидтарды қолданғанын растады. Ол 2025 жылдың сәуірінен бері есірткі тарататын интернет-дүкеннің курьері болып істегенін, Павлодардан 300 г «мефедрон» жеткізіп, Семейде «қоймалар» жасағанын айтқан.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button