Басты жаңалық

Мерекеде балалар қауіпсіздігі күшейтілді

Семей қаласында Наурыз мейрамы күндері полиция қызметкерлері бірнеше баланы ата-анасымен қайта қауыштырды.

Қаланың орталық көшелерінде өткен жаппай мерекелік шараларға мыңдаған тұрғын қатысты. Концерттер, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі және халықтық серуендер ұйымдастырылды. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Іс-шаралар барысында ата-анасынан көз жазып қалған балалар полицияға бірнеше рет жүгінген. Тәртіп сақшылары бүлдіршіндерді сабырға шақырып, жедел түрде ата-аналарын тауып берді.

Адасып кеткен балаларды тұрғындар байқап, полицияға жеткізген жағдайлар да тіркелді. Барлық жағдайда балалар отбасына аман-есен қайтарылды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 5-тен астам баланың ата-анасын табуға көмектесті. Қауіпсіздік шаралары күшейтілген режимде жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button