Басты жаңалық
25 мыңнан аса адамға жаңа жұмыс

Биыл Абай облысында 25 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Жоспар 109,5% деңгейінде орындалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында Абай облысы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Еркебұлан Тұрсын айтты.
Инфрақұрылымдық жобалар, 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны, Бос орындарға жұмысқа орналастыру, Субсидияланатын жұмыс орындары бағыттары бойынша 16 343-і тұрақты, 8 724-і уақытша жұмыс орны құрылды.
Аймақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері көбейіп, тұрғындардың еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасалып жатыр. Өңірде экономикалық өсім де байқалады.



