Аймақ тынысы

Жәнтікейлік тұрғын кондитерлік цех ашты

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында Ақсуат ауданында жаңа кәсіп ашуға қолдау көрсетілді.

Торғын Сқақова — Жәнтікей ауылының тұрғыны, бес балалы ана. Ол жаңа бизнес-идеясын іске асыру үшін шағын кондитерлік цех ашуға мемлекеттік қайтарымсыз грант алды. Грант көлемі 1 476 800 теңге.

Кәсіпкер бөлінген қаражатқа тоңазытқыш, ас үйге арналған электронды таразы, кәсіби миксер, пеш және басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Қазіргі уақытта ол ауыл және аудан тұрғындарына торт, самса, тәтті пирог, трайфл, печенье сияқты кондитерлік өнімдер дайындап, табыс тауып отыр. Күніне шамамен 50-100 келі арасында өнім сатады.

Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмыс орындарын көбейтуді жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button