Аймақ тынысы
Ақсуатта жарық көбейеді

Ақсуат ауданында ауылды көркейту жұмыстары жалғасуда. Биыл да бірнеше жоба қолға алынды.
Қазір Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесінде ұзындығы 1,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, көше жарықтандырылып жатыр. 92 жарық бағанасы жеткізіліп, орнатуға дайын.
Сондай-ақ жол жиегіне қойылатын жиектастар әкелінді.
Жоспар бойынша абаттандыру жұмыстары 10 мамырға дейін аяқталады.



