Таза Қазақстан
Қоқысқа да тыныштық жоқ

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы талқыланды. Жиынды облыс әкімі Берік Уәли өткізіп, атқарылған жұмыстар таныстырылды.

Қазір өңірде тазалық пен көгалдандыруға бағытталған екі айлық жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде:
– 29 мыңнан астам адам сенбілікке шықты
– 12 мыңнан аса аула тазартылды
– 97 саябақ пен сквер ретке келтірілді
– 2897 тонна қоқыс шығарылды
Сондай-ақ су айдындары тазаланып, биыл 67 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Жол бойына да орман жолақтары егілуде.

Тазалықты сақтамағандарға айыппұл салынып, жалпы сомасы 9 млн теңгеден асты.
Облыс әкімі тазалық жұмыстары тұрақты бақылауда болатынын айтып, тұрғындарды белсенді болуға шақырды.



