Басты жаңалық

Ауылда жұмыс бар

Аймақта ауылға қажет мамандарды дайындау өзекті тақырып. Осыған байланысты өңірде арнайы семинар өтті.

Жиын Жарма технологиялық колледжінде ұйымдастырылды. Қатысушылар оқу орнының жағдайымен танысып, ауылға керек кадрларды қалай тиімді дайындауға болатынын талқылады.

Қазір бұл колледжде ауыл шаруашылығы мен техника саласына қажетті мамандар оқытылып жатыр. Студенттер тек теориямен шектелмей, өндіріс орындарында тәжірибе де жинайды.

Соңғы уақытта колледждің мүмкіндігі де кеңейген. Заманауи тренажерлер әкелініп, студенттерге нақты жұмыс жағдайына жақын ортада білім алуға жол ашылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button