Аймақ тынысы
Турист көп болса, құтқарушылар да қарап отырмайды

Алакөл жағалауында заманауи әмбебап құтқару бөлімшесі іске қосылды. Туристік маусым қарсаңында ашылған нысан қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Бүгінде ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жағалауда 230 демалыс базасы, 100-ден астам сауда орны және 50-ден аса қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істейді. Былтыр Алакөлге 100 мыңнан астам турист келген.
Туристер санының артуы қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етеді. Қазіргі таңда жағалауда 17 құтқару мұнарасы орнатылып, 35 құтқарушы даярланған. Шомылу маусымында 20 қызметкер, 10 техника, 5 жүзу құралы және 3 өрт сөндіру көлігі кезекшілік атқарады.

Нысан қажетті техникамен толық жабдықталған. Сонымен қатар жедел әрекет ету үшін 38,5 млн теңгеге капсулалық модуль іске қосылды.



