Басты жаңалық

Жануарлар мәселесіне жаңа көзқарас

Қаңғыбас жануарлар саны өсіп, адамдарға шабуыл деректері көбейген соң «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Бұрынғы аулау–зарарсыздандыру–қайта жіберу тәсілі толық нәтиже бермеген: ауланған жануарлар саны да, шабуыл фактілері де артқан.

Жаңа талаптар бойынша кей жағдайда қайтарымсыз аулау енгізіледі. Ауланған жануарлар уақытша ұсталып, иесі болса чип арқылы анықталады. Енді үй жануарларын міндетті чиптеу қарастырылған. Ережені бұзғандарға алдымен ескерту, кейін айыппұл салынады, талап орындалмаса – жануар алынуы мүмкін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға қатыгездік үшін жазаны күшейтуді тапсырды. Енді мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сарапшылар мәселенің басты себебі – адамдардың жауапсыздығы екенін айтады. Яғни заңнан бөлек, иелердің тәртібі шешуші рөл атқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button