Карта бәрін ашты

Абай облысында шегіртке көбейген аумақтар бақылауға алынды. Аймақ басшысы арнайы карта арқылы қай жерде қанша зиянкес бар екенін көріп, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

2026 жылғы мәліметке сай, облыста:
– итальяндық прус – 92 мың гектардан астам,
– азиялық шегіртке – 27 мың гектар,
– саяқ шегіртке – 62 мың гектардан астам аумаққа таралған.

Негізгі ошақтар Бесқарағай, Көкпекті, Үржар және Аягөз аудандарында орналасқан.
Зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары қазір белсенді жүріп жатыр. Ол үшін арнайы техникалар, бүріккіш құрылғылар және ұшақтар қолданылуда.

Жұмысқа ондаған маман мен техника тартылған. Барлығы бақылауда.
Мамандар егінді қорғау үшін арнайы препараттар қолданып жатыр.

Облыс әкімі жауапты органдарға жағдайды толық бақылауда ұстап, жұмысты күшейтуді тапсырды.



