Баланың қауіпсіздігі мен құқығы – басты назарда!

Абай облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының қызметкерлері Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, олардың тұрмыс-тіршілігімен және оқу-жаттығу барысымен танысты.
Кездесу барысында мамандар балалардың тұрып жатқан жағдайын, күнделікті өмірін және жаттығу үдерісін көріп, тәрбиеленушілермен тікелей сөйлесті. Балалардың пікірін тыңдап, оларды алаңдататын мәселелерге назар аударылды.
Баламен тікелей тілдесу – оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Мамандардың айтуынша, әр баланың өзін қауіпсіз сезінуі, қажетті жағдаймен қамтамасыз етілуі және өз ойын еркін жеткізе алуы маңызды.
Спорттағы жетістік тек жеңіс пен медальмен өлшенбейді. Оның артында баланың қауіпсіз ортасы, сапалы тәрбиесі, ұстазы мен жаттықтырушысының қолдауы және үлкендердің қамқорлығы тұр.
Балалар құқықтарын қорғау басқармасы тәрбиеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.



