Аймақ тынысыБасты жаңалық

Абай облысында инвесторларға фитосанитариялық сертификат беруден заңсыз бас тарту фактілерінің жолы кесілді

Абай облысының прокуратурасы Абай облысы бойынша Агро өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облыстық аумақтық инспекциясының экспортқа қажетті фитосанитариялық сертификаттарды беруден инвесторларға заңсыз бас тарту тәжірибесінің жолын кесті.

Тексеру барысында уәкілетті органның прокуратурамен келісусіз 200 теріс шешім қабылдағаны анықталды. Оның ішінде 8 шешім заңсыз деп танылды.

Жекелеген жағдайларда бас тартуға фитосанитариялық сараптаманың жүргізілмегені себеп болған. Алайда аталған сараптаманы жүргізуді қамтамасыз ету уәкілетті органның тікелей міндеті болып табылады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін екі лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұлсалынды.

Облыс прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмысты жалғастыруда.

Инвесторлар анықталған заң бұзушылықтар туралы 8 (707) 144-00-16 телефон нөмірі немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарлай алады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button