Басты жаңалық
Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

🤖 Тоқаев: ЖИ еңбек өнімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болуы тиіс
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті.
Жиында өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы ЖИ-ді еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті жаңғыртуға және қосылған құны жоғары өнім шығаруды кеңейтуге пайдалану қажет екенін айтты.
Биылғы сегіз айда Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісі 46 триллион теңгеге жуықтап, өңдеу өнеркәсібі 8,4%-ға өскен.



