Басты жаңалық
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ инспекторларынан жоғары баға алды

Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ-ның Бөліну жөніндегі бақылау күштері жүргізген инспекциядан жоғары баға алды.
Маусым-қыркүйек аралығында қазақстандық әскери қызметшілер 470 жедел іс-шара өткізіп, 49 уақытша түнгі бақылау бекетін ұйымдастырды. Саперлер 350 жарылғыш зат пен 1800 оқ-дәріні анықтап, жойған.
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ мандаты аясында аумақты патрульдеу, бақылау-өткізу бекеттерін күзету, жарылғыш заттарды жою және ұйым қызметкерлерін алып жүру міндеттерін атқарып келеді.



