Білім

Үздік педагог – 2025

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық «Үздік педагог – 2025» конкурсының қорытындысы жарияланды. Биылғы байқауда Абай облысынан үш педагог ел деңгейінде үздік атанды.

Олардың қатарында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының тарих пәні мұғалімі Гүлмира Жұмабекова, Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Наталья Елюбаева және Электротехникалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Шыңғыс Шынарбек бар.

Республика күні қарсаңында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісін, сондай-ақ 1000 АЕК мөлшеріндегі сыйақыны табыстады.

Биыл байқауға Абай облысы бойынша 56 педагог қатысып, оның 19-ы облыстық кезеңде бақ сынады. Соның ішінде 9 педагог 80 пайыздан жоғары нәтиже көрсетіп, облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанды. Ал үш педагог республика көлемінде үздіктер қатарынан көрінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button