Басты жаңалықСпорт
Тарихи ойын өз мәресіне жетті: Алда Польша

«Семей» құрамасы мен «Пьяст» команадасы арасындағы ойын тартысты өтті.
Ойын шымылдығын Семейлік Андерсон Дедезиньо ашты. Ары қарай алаң қыза түсіп есепке Камиль Герейханов үлес қосты. Кезек 3-ші голға да жетті. Авторы Андерсон Дедезиньо. Тамаша голға қуанып жатқанда польшалық жігіттер 3 гол соғып үлгерді.
Ойын 3:3 есебімен аяқталғанымен, жігіттер алаңда нағыз ойын көрсете білді. Польшалық футболшылардан бұндай ойын күтпегені бірден сезілді. Олар жас құраманың ойнынын жоғары бағалады.
Алда Польшада ойын күтіп тұр. Семейлік жігіттер жеңіске жететініне сенімдіміз.


