Басты жаңалық
Семейде қар шығару жұмыстары екі ауысымда жүріп жатыр

Семей қаласында қар тазалау және қар шығару жұмыстары жалғасуда. Шаһар басшысы көшпелі жиын өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір қар шығару жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде. Күндіз 40-тан астам арнайы техника жұмыс істейді. Түнгі ауысымда 30 техника жұмылдырылған.

Қыс басталғалы бері қаладан 130 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қала әкімі жауапты мекемелер мен мердігер ұйымға техниканы көбейтіп, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.



