Басты жаңалық

Елдік пен ерлік туралы ашық әңгіме

Абай өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері мен Қарулы күштерінің ардагерлері Қайнар жоғары колледжі, №16 жалпы орта білім беретін мектеп және «Жас Ұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушілерімен «Ерлік сабағын» өткізді.


Патриоттық шара қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналды. Жиын «Біртұтас ел – біртұтас жер» қағидатын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында әскери қызметшілер мен ардагерлер оқушылар мен студенттерге ел батырларының ерлік жолы туралы баяндады. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлының өмірі, отансүйгіштік ұстанымы, тәртіп пен намысқа негізделген қағидаларына кеңінен тоқталды. Батырдың елге қызмет ету жөніндегі өсиеттері жастарға үлгі ретінде ұсынылды.


Әскери полиция органдарының қызмет ерекшеліктері мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді. Жастарға батылдық, жауапкершілік, тәртіп және Отанға адал қызмет ету секілді негізгі құндылықтардың маңызы айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button