Басты жаңалық

Семейде экологиялық акция өтті

Абай облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмыстары өтті. «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған шара бұл жолы Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында өткізілді.

Акцияға барлығы 60 адам қатысты. Олардың қатарында партияның 30 мүшесі, 8 мәслихат депутаты және 20-ға жуық белсенді болды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде арал аумағынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Абай облыстық мәслихатының депутаты Саят Танатаров қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың қоғамдағы жауапкершілік пен бірлікті арттыратынын атап өтті. Оның айтуынша, партия мүшелері мен депутаттардың белсенділігі тазалық мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етеді.

Жалпы, жыл басынан бері Семей қаласында 60-тан астам тазалық шарасы ұйымдастырылып, 84,2 тонна қар шығарылған. Бұл жұмыстарға 4300-ге жуық тұрғын қатысып, 198 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, партияның жастар және әйелдер қанаты әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырып, жалғызбасты қариялардың аулаларын тазалауға қолдау көрсетуде.

«Ардагерлерді ардақтайық!» және «Вандализмге жол жоқ!» жобалары аясында да бірқатар іс-шаралар өтті.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button