Басты жаңалық

Абай облысында жол қозғалысына қатысты өзекті ақпарат қолжетімді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірде автожолдардағы қозғалысқа уақытша шектеу қойылуы мүмкін. Осыған орай Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарға жол жағдайы туралы өзекті ақпаратты алдын ала бақылауға кеңес береді.

Полиция департаментінің мәліметінше, автожолдардың жабылуы немесе қозғалыстың шектелуі туралы ресми деректерді «ҚазАвтоЖол» мобильді қосымшасы арқылы жедел көруге болады. Қосымшада республикалық және өңірлік маңыздағы жолдар бойынша мәліметтер тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Мамандар жүргізушілерді жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button