Басты жаңалық
Абай облысы жалақы өсімімен көзге түсті

Елімізде орташа айлық жалақы 473 158 теңге болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2025 жылдың IV тоқсанында орташа жалақы 339 912 теңгені құрады. Орташа көрсеткіштің өсуі жыл соңындағы сыйақы мен қосымша төлемдерге байланысты.
Өңірлер арасында жалақы өсімі бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу облыстары мен Алматы қаласы алда тұр.



