Басты жаңалық
Жұмыссыздарға жол ашқан қысқа курс

Абай облысында жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқу ұйымдастырылуда. Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге және жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
Жыл басынан бері 343 адам оқуға жіберілді. Оның 246-сы жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, 33-і жұмыс орнында, ал 64 адам жылжымалы оқу орталығы арқылы білім алды. Ең қажет мамандықтар қатарында тракторшы, дәнекерлеуші, аспаз, кондитер және бухгалтер бар.
Биыл шалғай ауылдарға арнайы жылжымалы оқу орталығы барып, бірнеше ауданда кәсіптік курстар өткізді. Бұл бастама ауыл тұрғындарына қолжетімді білім алуға мүмкіндік беріп, өңірде кадр даярлау сапасын арттырды.



