Басты жаңалық
Бұқалар шекарадан өтпей қалуы мүмкін

Қазақстан бұқаларды шетелге шығаруға қойылған тыйымды тағы 6 айға ұзартпақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Жоба бойынша, 12 айдан асқан бұқаларды, соның ішінде ЕАЭО елдеріне экспорттау уақытша тоқтатыла береді. Негізгі мақсат — ет бағасын ұстап тұру және ішкі нарықты қамтамасыз ету.
Айта кетейік, бұл шектеу алғаш рет 2025 жылдың қарашасында енгізілген. Қазір ол сәуірдің соңына дейін күшінде.



