Басты жаңалықМәдениет

Облыс әкімі Шыңқожа ауылының мәдениет үйінде болды

Облыс әкімі Берік Уәли Нарын ауылдық мәдениет үйіне барып, нысанның жұмысымен танысты.

2003 жылы салынған мәдениет үйі 180 орындық көрермен залына ие, жалпы ауданы — 432 шаршы метр. Ауылда 963 тұрғын бар. Олардың мәдени өмірін дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар, үйірмелер мен кездесулер өткізіліп келеді.

2020 жылы аудандық бюджеттен 6216,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда 4 қызметкер еңбек етеді. Жылу жүйесі электр қазандығы арқылы қамтамасыз етілген, пандус бар.

Сапар барысында облыс әкімі мәдени қызметтің сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button