Басты жаңалық
Бюджеттекі есеге өсті

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі салаларда оң өсім байқалды:
• көлік – 123,4%,
• байланыс – 106,4%,
• өңдеу өнеркәсібі – 101,3%,
• ішкі сауда – 105,9%,
• ауыл шаруашылығы – 102,8%,
• инвестиция тарту – 103,1%.
159,9 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік бюджетке 441,4 млрд теңге салық пен төлем түсті (оның ішінде республикалық бюджетке – 316,7 млрд, жергілікті бюджетке – 124,7 млрд теңге), бұл өткен жылмен салыстырғанда 137,3% өсім.
Абай облысы құрылған кезде бюджеттің көлемі 251,3 млрд теңге болса, бүгінде Президент пен Үкіметтің қолдауының арқасында ол 500,9 млрд теңгеге жетіп, екі есеге артты.
Өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту және халықтың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.



