Басты жаңалық

Семейде жылына мыңдаған тонна зиянды зат ауаға тарайды

Абай облысы аумағында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін I санаттағы 58 кәсіпорын және II санаттағы 160 кәсіпорын жұмыс істейді.

Облыс бойынша 2025 жылы атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларына берілген лимит көлемі 51,120 мың тоннаны құрайды. Төгінділер бойынша лимит 10,264 мың тонна болса, қалдықтардың жиналуы 33 797,939 мың тоннаға жетеді. Ал қалдықтарды көму көлемі 455 137,961 мың тонна болып белгіленген.

Сонымен қатар «Семей қаласының шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томы» жобасы ҚР Экологиялық кодексінің 205-бабына сәйкес әзірленіп, бекітілді.

Жоба аясында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Семей қаласында атмосфераны ластайтын негізгі көздер анықталды. Атап айтқанда, автокөліктерден жылына 13 135,3 тонна ластаушы зат бөлінеді. Қалада тіркелген автокөліктер саны 90 298-ді құрайды.

Монша кешендерінің қазандықтарынан жылына 1 141,13 тонна, ал жеке сектордағы жылыту жүйелерінен 23 771,6 тонна зиянды зат ауаға тарайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button