Басты жаңалық

Конституциялық реформа: Ата заңның 84%-ы жаңарады

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жобасын таныстырды.

Жоба азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары негізінде дайындалған.

Жаңартылған Конституцияда 11 бөлім мен 104 бап бар. Екі жаңа бөлім қосылады. Тағы бірнеше бөлімнің атауы өзгереді.

Жалпы алғанда Конституцияның 77 бабына түзету енгізіледі. Бұл негізгі заң мәтінінің 84 пайызы жаңаратынын білдіреді.

Жоба бойынша бір палаталы Парламент құрылады. Азаматтардың ел басқаруға қатысу мүмкіндігі кеңейеді. Конституциялық соттың өкілеттігі күшейеді.

Сонымен қатар адам құқықтарын қорғау кепілдіктері артып, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс нығаяды. Мамандар қазір құжатты соңғы рет пысықтап жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button