Басты жаңалық

Балалар үйінің қазіргі ахуалы қандай?

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің Үржар ауданына жұмыс сапары барысында Науалы ауылындағы балалар үйінің қазіргі жағдайымен танысу өтті.

Нысан туралы аудан әкімінің орынбасары Анет Біржанұлы Тұрлыбеков баяндады. Мәліметке сәйкес, Науалы балалар үйі 1934 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мекеме Үржар ауданы, Науалы ауылы, Бөкенші көшесі, 2 мекенжайында орналасқан.

Балалар үйінің сыйымдылығы – 180 бала. Нысан аумағында ұйықтау корпустары, отбасылық корпустар, клуб, қойма, жылу қазандығы, көлікжай және монша секілді 10 қосымша ғимарат бар.

Қазіргі таңда мекеме 2024-2026 жылдар аралығында «Ақдара» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілген. Сапар барысында ғимараттардың техникалық жай-күйі, инфрақұрылымы және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлар қаралды.

Сонымен қатар нысанды күтіп ұстау, алдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және балаларға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button