Басты жаңалық

Сауда қызып еді, тексеріс келіп суытты

Елдегі базарлар жаппай тексеріледі. Бұл шара бағаның негізсіз өсуіне әсер ететін делдалдарды қысқартуға бағытталған.

Енді базарлар сауда процесін ашық жүргізуі тиіс. Яғни сатушылармен жасалған келісімшарттар, жалдау ақысы және сауда шарттары арнайы ақпараттық жүйелерде тіркелуі қажет.

Тексеріс әсіресе көтерме саудаға басымдық береді. Жұмысқа мемлекеттік кірістер, ішкі істер органдары, антимонополиялық қызмет және жергілікті әкімдіктер тартылған.

Егер талаптар орындалмаса, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі. Ал жүйені қолданбағандарға айыппұл салынып, кей жағдайларда іс сотқа дейін жетуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button