Аймақ тынысыБасты жаңалық

«Қаладан – ауылға» жобасы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Абай облысында ауыл өмірін жаңғыртуға бағытталған «Қаладан – ауылға» жобасына қызығушылық артып келеді.

Еске сала кетейік, биыл 20 ақпанда Семей қаласында облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен өңірлік форум өтіп, сол жиында жаңа жобаның басталғаны жарияланған болатын.

Жоба іске қосылғаннан бері өңір тұрғындары тарапынан қызығушылық танытқандардың саны көбейген. Осыған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, Auylga.kz атты сайт іске қосылды. Сайтта әр аудан бойынша жауапты мамандардың тізімі мен байланыс нөмірлері жарияланған.

Сонымен қатар жоба туралы толық ақпаратты 109 колл-орталығы, сондай-ақ 8 (7222) 36-11-22 және 8 (702) 515-24-26 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Жақын арада Semey телеарнасында «Қаладан – ауылға» атты жаңа бағдарлама да эфирге шығады. Бағдарлама барысында жобаның жұмыс тобы мүшелері, аудан және ауыл әкімдері, басқарма басшылары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері бастама туралы толық мәлімет береді.

Бұл жоба ауылға көшіп баруға ниетті азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button