Аймақ тынысы

Нөлден басталған бизнес: Эльмира Ибраеваның табыс жолы

Семейде қоғамдық тамақтану саласы бойынша табысты еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің бірі – Эльмира Ибраева. Ол ресторан бизнесінің қыр-сырын жетік меңгеріп, өз еңбегімен табысқа жеткен кәсіпкер ханымдардың қатарында.

Эльмира Ибраева – Semeyfooding жобасының иесі және Islam_food халал өнім бренді негізін қалаушысы. Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын ресторан саласындағы бизнесін нөлден бастап, бүгінде тұрақты кәсіпке айналдыра білді.

Ресторан бизнесінде сату, қызмет көрсету, маркетинг және клиенттермен жұмыс істеу бағыттарын толық меңгерген кәсіпкер төрт жыл ішінде өз кәсібін дамытып, үлкен айналымға шықты. Өз еңбегінің нәтижесінде баспана мен автокөлікке қол жеткізген.

Эльмира Ибраеваның айтуынша, кәсіпте ең бастысы – табандылық пен еңбек. «Бастапқыда қиындықтар көп болды. Бірақ тоқтамай, еңбектене берсең, нәтижесі міндетті түрде болады. Ең бастысы – өз ісіңді жақсы көру», – дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерде белсенді болып, Instagram парақшасында кәсіпкерлікке қатысты пайдалы ақпараттардан бөлек бизнес идеялармен бөлісіп отырады. Оның тәжірибесі мен кеңестері өз ісін бастағысы келетін жастарға мотивация береді.

Бүгінде Эльмира Ибраева – еңбекқорлық пен табандылықтың арқасында табысқа жеткен Семейдің белсенді бизнес ханымдарының бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button