Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан»: Абайда сенбіліктер басталады

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең ауқымды тазалық шаралары басталмақ. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды.


Жиында өңірдегі экологиялық жұмыстардың барысы, көктемгі су тасқынының алдын алу және негізгі жобалардың жүзеге асуы қаралды. Биыл облыс бойынша 32 іс-шара іске асырылып, 67 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Өткен жылы бағдарлама аясында 349 мың тұрғын қатысқан тазалық жұмыстары нәтижесінде мыңдаған аула, саябақ пен әлеуметтік нысандар тазартылып, 52 мың тонна қоқыс шығарылған.


Құқық бұзушылықтардың алдын алу да күшейтілуде. Жыл басынан бері 3,6 мыңнан астам заңбұзушылық анықталып, айыппұлдар салынған.

Аймақ басшысы осы аптаның соңынан бастап сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button