Таза Қазақстан

Қоқысқа қарсы «көтеріліс» басталды

Семейде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Қала тұрғындары, еріктілер мен түрлі ұйым өкілдері тазалық жұмыстарына қатысты.


Акцияның негізгі нүктелерінің бірі — Бейбітшілік аралы болды. Дәл осы жерде орналасқан монумент маңында облыс әкімі де сенбілікке қатысып, тұрғындармен бірге аумақты тазартты. Қоқыс жиналып, ағаштар ретке келтірілді.


Қала бойынша тұрмыстық қалдық шығарылып, аулалар мен саябақтар тазартылды.


Семейліктердің белсенділігі ерекше байқалды. Жастардан бастап үлкендерге дейін ортақ іске жұмылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button