Білім

Семейдің роботтары қазақша сөйлейді

Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде World Robot Olympiad (WRO) аймақтық кезеңі өтті. Бұл жолы жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 40-тан астам команда жиналды.


Қатысушылар «RoboMission», «RoboSports», «Future Innovators» және «Future Engineers» бағыттары бойынша сайысқа түсті. Олар өздері құрастырған роботтарды көрсетіп, түрлі тапсырмаларды орындады.


Биылғы тақырып – Robots Meet Culture. Яғни балалар робот арқылы қазақтың мәдениетін таныстыруға тырысты. Ұлттық аспаптар, тарихи мұралар мен салт-дәстүрді заманауи технологиямен ұштастырған жобалар көпшіліктің қызығушылығын тудырды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тақырып балалардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа жетелейді. Сонымен қатар, робототехникаға қызығушылық жыл сайын артып келеді.


Енді үздік командалар республикалық кезеңге жолдама алды. Ал жеңімпаздар халықаралық финалда ел намысын қорғау үшін АҚШ-тың Пуэрто-Рико аралында өтетін жарысқа қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button