Білім
Құқықтық мәдениет: мектептерде жаңа пән енгізілді

Елде 1000-ға жуық мектеп пен колледжде «Заң және тәртіп» жобасы аясында құқықтық мәдениет сабақтары іске қосылды. Бұл шешім Алматы облысы Талғар ауданында өткен пилоттық кезең нәтижесіне сүйеніп қабылданды.
Пилоттық жоба 10 мектеп пен 3 колледжде жүргізіліп, 9 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Нәтижесінде буллинг пен кибербуллинг 18%-ға азайып, тәуекелі төмен оқушылар үлесі 31,9%-ға артқаны анықталды.
Жоба аясында оқушылармен жұмыс істеуге құқық қорғау органдарында тәжірибесі бар 600-ден астам тәлімгер тартылған. Сабақтар екі аптада кемінде бір рет өтеді.
Бағдарлама оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Алдағы уақытта жоба кезең-кезеңімен еліміздің барлық өңірінде кеңейтіле енгізіледі.



