Басты жаңалықБілім

Қауіпсіздік Жолындағы бірлік

2025 жылғы 20 қарашада Дүниежүзілік балалар күніне орай Абай облысының барлық мектептерінде 7–11 сынып оқушылары «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» атты бірыңғай мазмұндама жазды. Өңір бойынша 17 мыңнан астам оқушы қамтылған бұл бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Шара «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында ұйымдастырылып, оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерінің маңызын көрсету және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруды көздеді.

Мазмұндама барысында оқушылар полиция қызметінің қоғамдағы рөлі, қауіпсіздік мәдениеті және құқықтық тәртіптің маңыздылығы туралы өз ойларын қағазға түсірді. Бұл жұмыс жас буынның азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button